Ішімдік ішкен екі әйел пойыздан түсірілді

0
544

Құқық бұзушыларға айыппұл салынды.


Ішімдік ішкен екі әйел пойыздан түсірілді

ERNUR.KZ. Пойызда ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіп бұзған екі әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 29 қаңтар күні Қостанай-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызында болған.

"Қарағанды облысының Ақадыр станциясына келгеннен кейін жоғарыда аталған пойыз бастығының актісі бойынша жолаушылар түсіріліп, полиция қызметкерлеріне берілді. Тексеру барысында көлік полицейлері Алматы қаласы мен Қарағанды облысының 50 және 55 жастағы тұрғындарын анықтады. Олар пойыз ішінде алкогольдік ішімдіктер ішіп, басқа жолаушыға балағат сөздер айтып, осылайша қоғамдық тәртіпті бұзған. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, олар "жеңіл және орташа дәрежелі" масаң күйде болған", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша ӘҚБтК-нің 440-бабы және 434-бабы бойынша екі әкімшілік хаттама толтырып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, материалдар сотқа жолданған көрінеді.

"Құқық бұзушы әйелдердің бірі бір жыл ішінде екінші рет алкогольдік ішімдіктерді ішкені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Ол 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін", - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.