Испанияда қысым көрсетілген қазақстандық студенттер елге оралатын болды

0
942

Instagram желісінде қазақстандық студенттер жергілікті тұрғындар тарапынан шеттеу барын айтып, шағымданған еді.


Испанияда қысым көрсетілген қазақстандық студенттер елге оралатын болды

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігі Испанияда академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқып жатқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің мәселесін шешіп берді, деп хабарлайды ktk.kz.

Айта кетейік, Instagram желісінде қазақстандық студенттер жергілікті тұрғындар тарапынан шеттеу барын айтып, шағымданған еді.

Бүгін таңертең Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Direct Instagram арқылы қазақстандық студенттер еліне қайту үшін билет сатып алынғанын жазды.

«Сіздер 2 наурызда ұшып шығуларыңыз керек еді. Бас тарттыңыздар. Сіздердің өтініштеріңізге байланысты ҚазҰУ ертеңге билет сатып алып қойды», - деп жазды ол.

Өз кезегінде студенттер ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкіліне алғыс айтты.

«Біздің мәселемізге назар аударғандарыңызға көп рахмет. Қайта хабарласқандарыңызға рахмет» - деп жазды жазба авторы.