Қайғылы оқиға болған кезде әкесі үйде болған.
ERNUR.KZ. Алматы полициясы иттер талап өлтірген 3 жасар қыздың өліміне қатысты түсінік берді, деп жазады ҚазАқпарат.
Алатау аудандық полиция басқармасы қайғылы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркеуге алды.
«Үш жастағы қызды өз ауласында ротвейлер тұқымдас екі иті талаған. Қайғылы оқиға болған кезде әкесі үйде болған. Ветеринарлық қызмет өкілдері иттерді аулап, алып кетті. Іс бойынша сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Аталған бап бойынша егер ит иесі кінәлі болса, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Еске салсақ, Самғау шағын ауданында болған қайғылы оқиға туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.