​Италия Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

0
136

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды.


​Италия Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды.
27 сәуір күні Астанада «Орталық Азия – Италия» форматындағы тұңғыш саммит өтеді.