"Иттер тек өз иелігін қорғады": 10 жастағы балаға жасалған шабуылдың бейнежазбасы көрсетілді

0
107

Орталықтың иесі иттердің аумақтағы қоршаудың ішінде ғана болғанын айтады.


Фото: бейнежазбадан

ERNUR.KZ. 30 маусым күні БАҚ-тарда Алматы облысына қарасты Жалпақсай ауылында баланы 3 қабаған иттің талағаны туралы ақпарат тарады. Ізінше иттердің реабилитациялық орталық аумағында болған айтылды, деп жазады inbusiness.kz.

Қоғамды дүр сілкіндірген оқиғадан соң жергілікті билік иттерді орталық аумағынан алып кетуді талап еткен. Десе де, орталық иесі бұған үзілді-кесілді қарсы болып, бақылау камераларынан алынған бейнежазбаны жариялап отыр.

Орталықтың иесі иттердің аумақтағы қоршаудың ішінде ғана болғанын айтады. Оның сөзінше, иттерге таланған бала досымен бірге қоршау жанында өте ұзақ уақыт ойнаған. Балалар иттердің үрген дауысын қанша естісе де, ойынын тоқтатпаған.

"Иттер тек өз иелігін қорғауға тырысқан" дейді орталық иесі.

Бұған дейін Алматыда қабаған иттердің 10 жастағы баланы адам танымастай етіп талап тастағанын жазсақ, кейіннен оның қазіргі жағдайы белгілі болғанын хабарладық.