"Итті атпай ақша алып отырған": Атырауда ит атқыштар бюджет қаражатын жымқырған

0
1 100

​Атырауда қаңғыбас иттердің көзін жоюмен айналысатын мекеме өкілдері ит аттық деп жалған құжат жасап, мемлекеттің ақшасын талан-таражға салған.


ERNUR.KZ. Салдарынан Атырауда бұралқы иттердің саны күрт көбейіп, жыл басынан бері 70 баланы қауып алған, деп жазады Экспресс К.

Соңғы уақытта Атырау қаласында адамдарды ит қабу деректері жиілеп кетті. Тіпті арасында ауыр дене жарақаттарын алғандар да, балалалар да бар. Жыл басынан бері 112 адамды ит қапса, оның 70-і — кәмелет жасына толмағандар.

" Қала прокуратурасы уәкілетті органдардың тарапынан бұралқы иттерді аулау бағытындағы жұмыстарының тиімсіздігіне және "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңының дұрыс орындалмауына байланысты ұсыным енгізді. Прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінен тұратын арнайы мобильдік топ құрылып, кешенді шаралар жоспары бекітілді. Қабылданған шараларға қарамастан, адамдарды ит қауып алу фактілері әлі де орын алуда", — деді қалалық прокуратураның прокуроры Ерлан Кәкиев.

Сондай-ақ прокуратура ит ататындардың жұмысын тексеріп, олқылықтарды тапты. Олар ит атқандары туралы жалған құжат жасап, мемлекеттен қаражат алып отырған.

"Келтірілген залал толықтай өтеліп, кінәлі тұлғалар қатаң тәртіптік жауапқа тартылды",— деді прокурор Ерлан Какиев.