Қыз бала 7 маусымда жоғалған.
ERNUR.KZ. Із-түссіз жоғалып кеткен алматылық 19 жастағы студент Нура әл Накауа 10 күннен кейін үйіне қайтып оралды, деп жазады tengrinews.kz.
Қыздың анасының айтуынша, ол үйге дін-аман оралған.
"Құдайға шүкір, оның жағдайы жақсы. Қазіргі уақытта бізде бәрі жақсы", - деді әйел.
Қыз баланың үйінен неліктен кетіп қалғаны айтылмайды.
Еске салайық, қыз бала 7 маусымда жоғалған еді. Ол Орбита ықшамауданындағы үйден 17:00 шамасында шығып, үйіне қайтып оралмаған. Қыздың жоғалғаны туралы Instagram әлеуметтік желісінде @_volontery_almaty_lider.kz іздеу тобының паблигінде жарияланды.