​Қайғылы жол апатынан кейін Өскеменге жаңа әкім келеді

0
1 712

"Мен Қуат Тұмабаевтың осындай жоғары лауазымды иеленуге моральдық құқығы жоқ деп есептеймін. Оған өз еркімен жұмыстан шығу үшін арыз жазуға кеңес бердім", – деген еді облыс әкімі.


​Қайғылы жол апатынан кейін Өскеменге жаңа әкім келеді

ERNUR.KZ.Өскеменнің жаңа әкімі 20 тамыз таңертең тағайындалады, деп xабарлайды Today.kz. Бұл туралы yk1kz Instagram аккаунтында жарияланды.

Жарияланымда қала әкімі болып Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар тағайындалуы мүмкін екені айтылған.

"Ертеңнен бастап Өскеменде қаланың жаңа басшысы пайда болуы мүмкін: ол қаланы білетін, осы жерде жұмыс істеп үлгерген адам. Қуат Тұмабаевтың орнына Жақсылық Омар келуі тиіс, бұл туралы Алматы облысы әкімдігіндегі сенімді дереккөз xабарлады", – делінген жазбада.

Естеріңізге салайық, кеңейтілген отырыс кезінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеме жасаған болатын.

"Мен Қуат Тұмабаевтың осындай жоғары лауазымды иеленуге моральдық құқығы жоқ деп есептеймін. Оған өз еркімен жұмыстан шығу үшін арыз жазуға кеңес бердім", – деген еді облыс әкімі.

Кейін Тұмабаев жұмыстан шығуға арыз жазды.

Айта кетейік, жол апаты 2018 жылдың 15 сәуірінде кешкі уақытта болған еді. BMW Х5 жүргізушісі жол жиегінде жүріп бара жатқан жолаушыны соққан. Алған жарақатынан жолаушы жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған.

Тергеу барысында 45 жастағы көлік жүргізушісінің Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев екені анықталды. Кейін жол апаты кезінде автокөлікте Құрманбаевпен бірге Өскемен әкімі Қуат Тұмабаевтың да болғаны расталды. Жүргіншіні қағып кеткен соң Тұмабаев автокөлік тізгініне отырған. Оның полисі болмаған, осы үшін 20 МРП көлемінде әкімшілік өтемақы төлеуге міндеттелді. Соттың осы шешіміне Тұмабаев қайта шағым түсіріп, содан кейін айыппұл төленбейтін болды.