Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды

0
397

Бұған дейін де оны қамауға алу мерзімі бірнеше рет ұзартылған еді.


Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды

ERNUR.KZ. Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Тергеу сотының қаулысымен Құдайбергенге қатысты сотқа дейінгі тергеу органдарының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 2022 ж. 21 қазанға дейін санкцияланды», - деп мәлімдеді Алматы сотының баспасөз қызметі.

ҚР Бас прокуратурасы Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша сәуірде ұсталғанын растаған болатын. Ол Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырды деген күдікке ілінген.