Қамаудан шыққан вайнердің соты 9 қаңтарға белгіленді

0
461

Сотта 12 адамға қатысты іс қаралып жатыр.


Қамаудан шыққан вайнердің соты 9 қаңтарға белгіленді

ERNUR.KZ. Кеше белгілі вайнер Мейіржан Төребаевтың тергеу изоляторынан босатылып, үйқамаққа ауыстырылған. Енді оның соты қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады exk.kz.

Сот отырысы 2023 жылдың 9 қаңтарына белгілеленді. Істі Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы Кәмшат Саурова қарайды.

Сотта 12 адамға қатысты іс қаралып жатыр. Айыпталушылар қатарында Алмас Құрманғалиев, Руслан Бұрқанов, Дания Рахимова, Андрей Ча, Тимур Рүстемов, Самат Қасенов, Нұрлан Сұлтанбаев, Біржан Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансұровтар және вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар.

Ал тағы екі айыпталушы Ораз және Саидбаевқа халықаралық іздеуге жарияланды

Кеше Мейіржан Төребаев тергеу изоляторынан босатылып, үйқамаққа алынған. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі былай себебін түсіндірді.

"Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Төребаев расымен кәмелетке толмаған бес бала тәрбиеленіп жатқан отбасының жалғыз асыраушысы, оның денсаулығына байланысты күтімді қажет ететін қарт анасы да бар", - делінген хабарламада.

Соттың түсіндіруінше, мұндай мән-жайлар Төребаевқа қатысты бұлтартпау шарасын үйқамақ сияқты жеңілдетілген түрге өзгертуге негіз болуы мүмкін

Айта кетейік, блогер, актер Мейіржан Төребаев Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құруға қатысы бар деп айыпталып отыр.