Қамауға алынған қазақстандық әйел терезеден қашып кеткен

0
251

​Қамауғады әйел бөлмеде инспектор-психолог әділет лейтенанты Ж-мен болған. Ол әйелді күзету үшін бекетілген.


Қамауға алынған қазақстандық әйел терезеден қашып кеткен

Фото. ЖИ

ERNUR.KZ. Қазақстандық әйел аурухана бөлмесінен төсек жапқыштарды бір-біріне байлап қашып кеткен. Оны қарауға бектілген күзетші ұйықтап қалған, деп жазады tengrinews.kz.

Қамауғады әйел бөлмеде инспектор-психолог әділет лейтенанты Ж-мен болған. Ол әйелді күзету үшін бекетілген.

"Таңғы сағат 4 шамасында тергеу-қамауға алынған А. оны күзетіп тұрған әділет лейтенанты Ж.-ның ұйықтап кеткенін пайдаланып, төсектің екі жаймасын жылыту батареясына байлап, терезе арқылы көшеге шығып, қашып кеткен", - делінген хабарламада.

Кейіннен А. ұсталып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне қамалды.

"Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін Р. қызметінен босатылды. Қызметінен босатуға келіспеген Р., ҚР ІІМ ҚАЖ мекемесіне қатысты жұмысын қайта қалпына келтіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінді. Жергілікті соттар жұмыстан босатудың заңдылығын көрсетіп, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты".

Жоғарғы Сот істі қарап, келесі себептер бойынша күзетшінің талабын қанағаттандырды.

"ҚР "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңында қызметтік тәртіпті өрескел бұзу негіздерінің нақты тізбесі көрсетілген, бірақ талап қоюшыға тағылған заңбұзушылық олардың құрамына кірмейді және онымен еңбек шартын бұзуға негіз бола алмайды.
Талап қоюшы (ер адам) әйелді күзетпеуі керек еді, өйткені Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторындағы адамдарды қорғау және қадағалау қағидаларына сәйкес, егер күдікті немесе айыпталушы әйел ауруханаға жатқызылса, онда оны күзету үшін әйел-бақылаушылар тағайындалады".

Сонымен қатар, жауапкер тарапынан тергеудегіні күзетуді ұйымдастыруда заңбұзушылықтарға жол берілген және А.-ны терезелері тормен жабдықталмаған, жеке есігі жоқ бөлмеге орналастырған.