Биыл бұл қылмыстар саны 22,7%-ға азайды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Соңғы 10 жылда қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқық бұзушылықтар саны жыл сайын 1 мыңнан астам дерекке азайып отырғаны байқалады. 2013 жылдан бастап бұл қылмыстардың саны 4 есеге кеміді. 2013 жылы осындай 8966 жағдай тіркелсе, жыл басынан бері 1920 дерек болды. 2022 жылы кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар саны биыл 22,7%-ға азайды" - деді ол.


