Қанат Бозымбаев Жетісу және Алматы облыстарының қалай бөлінетінін айтты

0
921

Құрылатын Жетісу облысының аумағында 352 елді мекені бар 8 аудан және 2 қала, Алматы облысының аумағының құрамында 380 елді мекені бар 9 аудан және 1 қала болады.


Қанат Бозымбаев Жетісу және Алматы облыстарының қалай бөлінетінін айтты

ERNUR.KZ. Қанат Бозымбаев Жетісу және Алматы облыстарының қалай бөлінетінін мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Құрылатын Жетісу облысының аумағында 352 елді мекені бар 8 аудан және 2 қала, Алматы облысының аумағының құрамында 380 елді мекені бар 9 аудан және 1 қала болады», - деді Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XVII сессиясында.

Сонымен қатар өңір басшысы облысты бөлу жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылғанын, оған облыстық басқармалар мен аумақтық органдардың бірқатар басшылары кіргенін жеткізді.

«Қапшағай қаласының жаңа бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленуде. Жүргізіліп жатқан қайта құрулар мен қайта атаулар бойынша ғылыми сараптама жүргізілуде»,- деді Қ. Бозымбаев.

Айта кетейік, Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жетісу облысын құру туралы бастамасы қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.