Қаңтар оқиғасы: Алматыда қарақшылық шабуыл жасаған төрт адам сотталды

0
551

Олардың әрбірі 6 жылдан бас бостандығынан айырылды.


Қаңтар оқиғасы: Алматыда қарақшылық шабуыл жасаған төрт адам сотталды

ERNUR.KZ. Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қарақшылық шабуыл жасаған төрт адамға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Алматы қаласының Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі мәлем еткендей, сот қылмыстың төтенше жағдай кезінде жасалғаны жауаптылықты ауырлата түсетінін атап өтті.

«Төртеуі де тонауға қатысты бір қылмыстық іс бойынша айыпты деп танылды. Олардың әрқайсы алты жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Алматы сотында барлығы 287 тұлғаға қатысты 186 іс қаралды. Оның ішінде 24 айыпталушы бас бостандығынан айырылса, қалғандарына бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Кейбір іс тараптардың татуласуына байланысты жабылса, кейбірі прокурорларға қайтарылды.