Қапшағай маңында көлік аударылып, үш адам мерт болды

0
662

Аударылған «Лада гранта» көлігінің 27 жастағы жүргізушісі, Талдықорған қаласының тұрғыны мерт болды.


Қапшағай маңында көлік аударылып, үш адам мерт болды

ERNUR.KZ. Алматы-Өскемен тас жолының 66 шақырымында «Лада гранта» көлігі аударылып, 3 адам мерт болып, тағы екі адам жарақаттанды. Көлік апатына түскен автокөлік Алматы жаққа қарай бағыт алған, деп жазады ҚазАқпарат.

«2 маусым күні 16 сағат 42 минутта Қапшағай қалалық полициясының кезекше бөліміне көлік апаты жайлы хабарлама түсті. Оқиға Алматы-Өскемен тас жолының 66-шы шақырымда болған. Аударылған «Лада гранта» көлігінің 27 жастағы жүргізушісі, Талдықорған қаласының тұрғыны мерт болды. Сондай-ақ, 66 жастағы Қапшағай қаласының және 61 жастағы Кербұлақ ауданының тұрғыны жан тапсырды. Тағы екі адам жарақаттанды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», -делінген Алматы облыстық Полияция департаменті баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.