Қапшағайда мас жүргізіші мұздың үстіне шығып, балықшыны басып кете жаздады

0
2 325

Жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған.


Қапшағайда мас жүргізіші мұздың үстіне шығып, балықшыны басып кете жаздады

ERNUR.KZ. Қапшағайда мұзға көлігімен шығып кеткен мас жүргізуші балықшыларды қағып кете жаздады, деп жазады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде 31 қаңтар күні мас жүргізуші үлкен жылдамдықпен балықшыларды қағып кете жаздағаны туралы ақпарат тарады.

Аброй болғанда зардап шеккендер жоқ, балықшылар көлікті дер кезінде көріп қалып, қашып үлгерген.

Алматы облысының полиция департаменті осы факті бойынша 40 жастағы Қапшағай қаласының тұрғыны ұсталғанын мәлім етті.


"Көлікті мас күйінде басқарған жүргізуші Л. есімді азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 608-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды", - деп түсіндірді ведомстводан.


Ұсталған адам Қапшағай қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.