Қар, көктайғақ, боран: алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

0
103


Қар, көктайғақ, боран: алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

ERNUR.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш тәуліктегі ауа райы болжамын жариялады, деп жазады kaz.inform.kz.

Синоптиктердің болжамынша, таяудағы үш тәулікте Қазақстанның батысына, солтүстік-батысына және солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс циклон жырасы әсер етеді, осыған байланысты: еліміздің батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ құбылыстары, ал солтүстік-батысында және солтүстігінде боранмен қар жауады деп күтілуде. Республиканың қалған аумағында кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша тұман және жел 15-25 м/с күшеюі күтіледі.

Қазақстанның батысында температуралық фон күндіз 2-10 градус жылы, солтүстік-батысында 5 аяз-5 градус жылы, солтүстігінде, шығысында және орталығында 5 аяз-2 градус жылы, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 5-15 градус жылы болады деп күтіледі.