Қарағанды – Аягөз – Бұғаз тасжолының 175-шақырымында жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚР ТЖМ АМО филиалының "Матақ" трассалық медициналық-құтқару пунктінің медицина қызметкерлері Қарағанды – Аягөз – Бұғаз тасжолының 175-шақырымында жол-көлік оқиғасына шақыру бойынша шықты. Зардап шеккен екі адамға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, Қарқаралы ауданының ауруханасына жатқызылды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапқанын, оның екеуі полиция қызметкері екенін хабарлаған едік.