Колониядағы сотталған әйелдер үш метрлік шұжықша оралған қамыр әзірледі.
ERNUR.KZ. Қарағанды колониясында үш метрлік шұжықша оралған қамыр мен салмағы 57 килограмм болатын торт әзірленді, деп жазады Tengrinews.kz.
АК-159/5 мекемесінің сотталған адамдары Наурыз қарсаңында 57 келілік торт пісірді. Оны әзірлеуге 150 жұмыртқа, бес келі қант, 12 литр сүт, 15 келі ұн және 3 келі май кеткен.
Торттың ені - 1,40 метр, ұзындығы - 0,70 метр. Ал салмағы 57 550 граммға жетті. Торт осы мекемеде жазасын өтеп жатқан адамдарға мерекелік тарту болды.
АК-159/20 мекемесі тағы бір ерекше тағам дайындады. Колониядағы сотталған әйелдер үш метрлік шұжықша оралған қамыр әзірледі.
"Наурыз - жылу сыйлайтын отбасылық мереке. Біз шұжықшаға оралған қамыр дайындаймыз деп шештік, өйткені бұл біздің балалық шағымызда аналарымыз дайындап беретін ас еді", - дейді АК-159/20 мекемесінің сотталушысы.