Жол апаты бүгін, сағат 12.15 шамасында Қарағанды-Есенгелді автожолында орын алған.
ERNUR.KZ. Қарағанды маңында жеңіл автокөлікпен соқтығысқан жолаушылар автобусы жол жиегіне аударылып қалды. Жол апаты кезінде автобуста 40-қа жуық жолаушы болған, деп жазады ҚазАқпарат.
28 қараша сағат 12.15 шамасында Қарағанды-Есенгелді автожолының 10-шы шақырымында Новодолинский кентіне жетпей жол апаты болды.
«Мерседес Бенс» автомашинасының 29 жастағы жүргізушісі алдын ала деректер бойынша Шахтинск қаласы бағытымен жүріп келе жатып, 29 жастағы жүргізуші тізгіндеген №121 маршруттағы «Санос» автобусымен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан автобус жол жиегіне аударылып кеткен. Автобустың 65 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Жол - көлік оқиғасы кезінде автобус салонында 40-қа жуық жолаушы болған», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Аталмыш дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.