Қарағанды мен Теміртауда «Аргус-жаяу жүргінші» камералары іске қосылды

0
438

Облыс орталығында 12, металлургтер қаласында 10 камера іске қосылды.


Қарағанды мен Теміртауда «Аргус-жаяу жүргінші» камералары іске қосылды

ERNUR.KZ. Қарағанды мен Теміртауда 1 шілдеден бастап жаяу жүргіншілер жолағындағы жол ережесінің бұзылуын тіркейтін «Аргус-жаяу жүргінші» кешендері іске қосылды, деп жазады baq.kz.

1 шілдеден бастап жаяу жүргіншілерге жол бермеудің алдын алу, жол көлік оқиғасын болдырмау мақсатында облыс орталығында 12, металлургтер қаласында 10 камера іске қосылды.

2021 жылдан бастап «Қауіпсіз қала» жобасы қолға алынған. Біз осы уақытқа дейін жол ережесін сақтамау фактілерін тіркейтін 148 автоматтандырылған жүйені іске қосқан болатынбыз. Биыл 1 шілдеден бастап қосымша 22 жүйе жұмыс істейтін болады. Бұл камералар біздің жүргізушілердің жол ережесін сақтауын қадағалап, тәртіпке келтірмек. Кешеннің жұмысы компьютерлі бақылау технологиясына негізделген. Камералар құқық бұзушылықтарды фотосуреттер мен видеолар түсіру арқылы анықтайды, - дейді Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Константин Ильницкий.

Камералар адам көп жүретін мәдени, тұрмыстық нысандардың жанындағы жаяу жүргіншілер жолағында орнатылған. Қарағанды облысы полиция департаменті жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізушілерге 10 АЕК, яғни 36 мың теңге көлемінде айыппұл салынатындығын ескертеді.

Департамент мәліметінше, Қарағанды облысында жыл басынан бері жаяу жүргіншілерде қағып кетудің 40 оқиғасы тіркелген. Жаяу жүргіншілер жолағындағы жол көлік оқиғасы салдарынан 8 адам қаза тауып, 39 адам жарақат алған. Сондай-ақ, биыл аймақта жаяу жүргіншілерді өткізбеудің 300 фактісі тіркеліп, 10 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.