Оқыс жағдай кезінде бала ата-анасының қарауынсыз болған.
ERNUR.KZ. Өткен тәулікте Қарағанды облысы Саран қаласында 2 жасар ұл бала бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кетті, деп жазады inbusiness.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Саран қаласы Жәкенов көшесі бойындағы үйде бала үлкендердің қарауынсыз қалған. 2021 жылы туған бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетіп, Қарағандыдағы облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.
Бұдан бөлек бұл жағдайға қатысты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы да пікір білдірді.
"Баланың жағдайы тұрақты, орташа ауыр дәрежеде деп бағаланып отыр. Емді толық көлемде алып жатыр", - делінген хабарламада.