Қарағанды облысында 72 киікті атып өлтірген браконьерлер іздестіріліп жатыр

0
1 202

Қарағанды облысымен шектесетін облыстағы полиция қызметкерлерімен бірлесіп тосқауыл бекеттері қойылды.


Қарағанды облысында 72 киікті атып өлтірген браконьерлер іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. 70-тен астам киік атқан күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша Қарағанды облысы ішкі істер органдарының жеке құрамына бағыттама берілді, деп жазады Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті басшылығымен күдіктілерді ұстауға байланысты білікті мамандардан жедел-іздестіру тобы құрылған болатын.

Қарағанды облысымен шектесетін облыстағы полиция қызметкерлерімен бірлесіп тосқауыл бекеттері қойылды. Бағыттамада көрсетілген автокөліктерге ұқсас барлық көлік құралдары тексерілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 26-шы қазан күні "Охотзоопром" және Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Нұра ауданына қарасты Жанбобек ауылынан 60-шақырым жерде мүйіздері кесілген 72 киіктің тұтас еті табылғаны туралы хабарланған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Браконерлерді іздеу жұмыстары жалғасуда.