Қарағанды облысында анасын ұрған экс-әкімнің баласы сотталды

0
295

Экс-әкімнің баласы 78 жастағы анасын ұрған.


Қарағанды облысында анасын ұрған экс-әкімнің баласы сотталды

ERNUR.KZ. Қарағандыда анасын ұрған экс-әкімнің баласы үш жылға бас бостандығынан айрылды, деп жазады sputnik.kz.

Қылмыстық істі Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты ҚК 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағы “Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру” бойынша қарады.
Экс-әкімнің баласы 78 жастағы анасын ұрған.
“Сотталушы анасымен жанжалдасқан. Ол анасын ұрып, денсаулығына зиян келтірген. Салдарынан жәбірленуші жабық бас-ми жарақатын алған: миы шайқалған. Оң көз орбитасының бүйір қабырғасы, оң жақ бетсүйек доғасы, оң жақ гаймор қуысының алдыңғы және артқы қабырғалары сынған. Сондай-ақ жәбірленушінің 3,4,5,6-шы қабырғалары да сынған. Бірінші бел омыртқасының жабық, асқынбаған компрессиялық сынуы деген диагноз қойылды”, - дейді ведомство.
Прокурор сотталушыға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы сотта кінәсін мойындамаған және жасаған ісіне өкінбеген.
“23 қыркүйекте сот үкімімен оған орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 1 000 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу сомасы, сондай-ақ адвокаттарға төленген шығындар өндірілді”, - дейді аудандлық сот.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.