Қарағанды облысында арнайы операция барысында 40 адам ұсталды

0
527

Бұл топтың мүшелері атыс қаруын қолданып, түрлі қақтығыстар ұйымдастырған.


Қарағанды облысында арнайы операция барысында 40 адам ұсталды

ERNUR.KZ. 5 наурызда ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен ҰҚК 5-ші департаменті бірлесіп, Қарағанды облысындағы криминогендік жағдайға ұзақ уақыт бойы теріс әсер етіп келген қылмыстық топтың әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді, деп жазады zakon.kz.

Бұл топтың мүшелері атыс қаруын қолданып, түрлі қақтығыстар ұйымдастырған. Осылайша қоғамдық тәртіпті бұзған.

Жедел деректер бойынша топ мүшелерінің саны 50-ге жуық, оның ішінде құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, сондай-ақ күзет ұйымдарының қызметкерлері де бар. Көшбасшы мен топ мүшелері арасында нақты иерархия құрылған.

Әрбірінің міндеті мен өз рөлі болған. Жасырыну шаралары қатты сақталған. Өткізілген арнайы іс-шаралар нәтижесінде өңірдің ірі өнеркәсіптік объектілерінде, оның ішінде “Арселлор Миттал Теміртау” Акционерлік қоғамында тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау фактілері ашылды.

Топ мүшелерінің бірқатар ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бары анықталды – бұл бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық.

Арнайы операция барысында 100-ден астам тінту іс-шаралары жүргізілді, 9 атыс қаруы, 200-ге жуық оқ-дәрі, гранатомет, тротил, гранаталар, құжаттар және жалған мөрлер, діни әдебиеттер, қолма-қол ақша, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ қашықтан тыңдауға арналған арнайы техникалық тыңдау құралдары тәркіленді.

Полицияға 40 адам жеткізілді. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.