Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен төрт азамат ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында автобус пен трактор соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті, деп жазады kaz.nur.kz.
Өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасаған "Патриот" Telegram арнасының дерегінше, жол апаты шамамен 19:30-да Саран бағытындағы тас жолда болған.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен төрт азамат ауруханаға жеткізілді. Аталған фактіге байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазіргі уақытта тек автобустың жыраға түсіп, трактордың бір бүйірге аударылып қалғаны белгілі.