Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде үш адам зардап шекті

0
859

Өрт 3 мың гектарды қамтыған.


Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде үш адам зардап шекті

Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде үш адам зардап шекті. Өрт Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында 3 мың гектарды қамтыды, деп жазады Stan.kz.

Хабар арнасы зардап шеккендер ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. Олар Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының тұрғындары. Ауыр халде зардап шеккендердің бірінің денесінің 90% күйік шалған.

Құтқарушылар бір тәулік ішінде 6 дала өрттін сөндірген.

Айта кетейік, өртті сөндіруге 300-ден астам адам мен 90-нан астам техника жұмылдырылды.

Еске салсақ, осы жылдың шілде айында Қарағанды облысында дала өрті салдарынан жүздеген мал басы қырылды, бұл көптеген жергілікті тұрғындардың жалғыз табыс көзі еді.