Дауыл көліктер мен ғимараттардың шатырларына зақым келтірген.
ERNUR.KZ. Абай қаласында құлаған ағаш әйелді басып қалды, деп жазады zakon.kz.
Қарағанды облысында дауылды жел соғып, ғимараттардың шатырлары, көліктер мен басқа да нысандар зардап шекті.
Куәгерлердің айтуынша, ағаш құлай бастағанда, жергілікті тұрғын балаларды құтқаруға асығып, оларды құтқарғанымен, өзі қашып үлгермеген. Салдарынан аяғы жараланды. Ағаш жақын маңда тұрған көлікті де басып қалды.
Абай қаласының әкімдігі құлаған ағаштың жақын арада ауладан шығарылатынын айтты. Алайда оның құлауына жауапкершілік жергілікті тұрғындар мен Пәтер иелері кооперативіне жүктеледі, өйткені апатты ағаш ПИК аумағында орналасқан.
Сондай-ақ Абайда дауыл салдарынан шатырдан металл профильді қаңылтыр кесектері тоқтап тұрған көліктерге қарай құлады.