Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында ит 3 және 5 жастағы екі балаға шабуыл жасады.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында екі баланы ит тістеп, зардап шеккендердің бірі қаза болды, деп жазады Stan.kz.
Оқиға 1 сәуірде болған. Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында ит 3 және 5 жастағы екі балаға шабуыл жасады. Бұл жағдай туралы хабар Ақтоғай аудандық полиция бөліміне сағат 19.00-де түскен. Зардап шеккен балалар бірден медициналық мекемеге жеткізілген.
"Полицейлер жеке үйдің ауласында ойнап жүрген 3 және 5 жастағы екі ұл балаға байланбаған ит шабуыл жасағанын анықтады. Зардап шеккен балалар медициналық мекемеге жеткізілді, онда 3 жасар бала алған дене жарақатынан қаза болды. Екінші бала ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.