Қарағанды облысында екі сарбаз әскери гарнизоннан қашып кетті

0
805

Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша оларда өздерімен бірге қару-жарақ жоқ.


Қарағанды облысында екі сарбаз әскери гарнизоннан қашып кетті

ERNUR.KZ. Қарағанды гарнизонының сарбаздары әскери бөлімнен кетіп қалған, деп жазады sputnik.kz.

"2022 жылдың 8 ақпанында Қарағанды гарнизонында мерзімді борышын өтеп жүрген екі әскери қызметші әскери бөлімді өз бетімен тастап кетті. Өздерімен бірге қару болмаған", - делінген ақпаратта.

Қазір әскери полиция органдарымен және облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталады. Тергеу нәтижелері бойынша кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Өзге мәліметтер жарияланбайды, деп мәлімдеді министрлік.