Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар бойынша 130-дан астам адам ұсталды, олардың арасында кәмелетке толмаған 11 азамат және 12 әйел адам бар.
Қарағанды облысында марихуананың ірі партиясы тәркіленген есірткі курьерлері ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
"Қарағанды – Астана" автожолында Қарағанды облысының полиция қызметкерлері марихуананың ірі партиясын тәркіледі.
"Жамбыл облысының 38 жастағы тұрғыны басқарған Audi A6 көлігін тоқтатты, салонда сол аймақта тұратын жолдас құрдасы болды. Автокөлікті тексеру кезінде полиция қызметкерлері өсімдік тектес заттың 13 қапшығын тапқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 266 килограмнан асатын кептірілген марихуана болып шықты", - дейді ведомстводағылар.
Ұсталғандар қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.
Қарағанды облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 446 килограмм түрлі есірткі, оның ішінде 100 килограмнан астам гашиш, 180 килограмнан астам марихуана және 12 килограмм синтетикалық есірткі тәркіленді. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар бойынша 130-дан астам адам ұсталды, олардың арасында кәмелетке толмаған 11 азамат және 12 әйел адам бар.