Қарағанды ​​облысында картоп бағасы бірден 30 пайызға арзандады

0
698

Талдау нәтижесінде облыстың сауда желілерін жеміс-жидекпен және көкөніспен қамтамасыз етуде басы артық делдалдар анықталған.


Қарағанды ​​облысында картоп бағасы бірден 30 пайызға арзандады

ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті көтерме базарларға баса назар аудара отырып, азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі комиссия жұмысы туралы айтты, деп жазады zakon.kz.

Агенттік өкілдерінің мәлімдеуінше, талдау нәтижесінде облыстың сауда желілерін жеміс-жидекпен және көкөніспен қамтамасыз етуде басы артық делдалдар анықталды.

Мақсатқа жету үшін ірі сауда желілерінің өкілдеріне тауар өндірушілермен тікелей жұмыс істеу ұсынылды.

"Департаменттің бастамасымен облыс әкімдігінің алаңында "Нейдоровское" шаруа қожалығының картобын "Корзина" және "Южный" супермаркеттер желісіне тікелей, делдалсыз жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Осыған орай картоптың құнын 160-180 теңгеден 115 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік туды. Сонымен қатар "Норма" супермаркетіне "Шанс" шаруа қожалығының әлеуметтік картобы келісіне 70 теңгеден тікелей жеткізілетін болды", - дейді Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.

Осы келісімнің нәтижесінде картоп бағасы 30 пайыздай арзандады.

Айта кетерлігі, "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 9-бабына сәйкес, ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.