Жеке тұлғалар компанияның 15 мыңнан 3,5 млн теңгеге дейінгі аралығындағы қағаз сертификатын сатып алып, кейін 4-8,5% мөлшеріндегі «кэшбек» түріндегі сыйақы алатын болған.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында компанияның сертификатын сату арқылы тұрғындарды қаржы пирамидасына тартқан, деп жазады ҚазАқпарат.
2020 жылдың 19 наурызда төтенше жағдай кезінде КР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қаржы пирамидасы қызметін ұйымдастырудың жолын кесті.
«Қылмыстық схема келесідегідей әрекет арқылы жасалған. Жеке тұлғалар компанияның 15 мыңнан 3,5 млн теңгеге дейінгі аралығындағы қағаз сертификатын сатып алып, кейін 4-8,5% мөлшеріндегі «кэшбек» түріндегі сыйақы алатын болған», делінген хабарламада.
Анықталған факті бойынша ҚР ҚК 217-бабының 2-тармағына сәйкес (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) сотқа дейінге тергеу ісі қозғалып, жедел-тергеу жүргізіліп жатыр.