Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді.
ERNUR.KZ. Венгрияда поляк нөмірі тағылған автобус ірі жол апатына ұшырады. Апат салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы кемінде 10 адам ауыр жарақат алды. Жол-көлік оқиғасы туралы Венгрия премьер-министрі Петер Мадьяр хабарлады, деп жазады baq.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, автобус 16 тамызға қараған түні М3 автомагистралімен Ньиредьгаза қаласына қарай келе жатқан. Бір сәтте автобус жолдан шығып кетіп, кюветке түсіп, аударылған.
Автобуста 57 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Венгрия полициясының мәліметінше, рөлде отырған жүргізуші ұйықтап кеткен болуы мүмкін. Ол ұсталды.
Оқиға орнында құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар апаттың барлық мән-жайын анықтауда.


