Полиция қызметкерлері жолаушыларға көмек көрсетті.
Бүгін сағат 08:54 шамасында республикалық маңызы бар Бастау — Ақтау — Теміртау автожолында, Петровка ауылының маңында Ботақара — Қарағанды бағыты бойынша жүріп бара жатқан №84 маршруттық автобус аударылып қалды, деп жазады КТК.
Бұл туралы ҚР ІІМ мәлім етті. Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаға қатты желдің екпіні себеп болды. Оқиға болған сәтте автобустың ішінде 17 жолаушы болған. Бақытымызға қарай, зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жылдам жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті. Олардың өтіп бара жатқан көліктермен үйлеріне жетуіне атсалысты.