Төтеншеліктер өрт туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертеді.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінен өрт шығып, алты адам эвакуацияланды, деп жазады Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт Приозерск қаласы Гвардейская көшесі бойында бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі қоқыстың тұтануынан болған.
"ТЖМ күштері баспалдақ арқылы алты адамды, оның ішінде үш баланы эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт шағын алаңда сөндірілді", делінген хабарламада.
Төтеншеліктер өрт туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертеді.