Қарағанды облысындағы көмір шахталарының бірінде өрт шықты

0
664

Қазіргі сәтте 131 адам жер бетіне шығарылды.


Қарағанды облысындағы көмір шахталарының бірінде өрт шықты

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Қазақстан" шахтасында өрт шыққанын мәлімдеді. Қазір адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады stan.kz.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ мәліметінше компанияның көмір департаментіне қарасты "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенген. Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жетті. "КӘАҚҚ" РО қызметкерлері жұмыс істеуде.

"17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ КД "Қазақстан" шахтасында Д6 (горизонт – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасының өртенуі орын алды, апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіледі (ауа беру кері позицияға ауыстырылды). Орынға "КӘАҚҚ" РО 3 бөлімшесі (15 қызметкер және 5 техника бірлігі) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника бірлігі) келді. Шахтада барлығы 227 адам болды, шахтаның қаптал арқылы адамдарды жер бетіне шығаруда. Қазіргі сәтте 131 адам жер бетіне шығарылды. Бұл жерге қосымша "КӘАҚҚ" РШМ (15 қызметкер және 3 техника бірлігі) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника бірлігі) күштері келеді, – делінген жедел хабарламада.

Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.