Қарағанды облысының судьясы 9 жылға бас бостандығынан айырылды

0
466

Пара беруге әрекет жасаған тұлға 3 жылға бас бостандығынан айырылды.


Қарағанды облысының судьясы 9 жылға бас бостандығынан айырылды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. 10 тамызда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен Қарағанды облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е.М. Ғабдуллин 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ол «Оливия» ЖШС-нің заңгері Е.В. Кантер-Скрипкинаның Қарағанды қаласында жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша конкурстардың қорытындыларын жою туралы аталған Серіктестіктің талап-арыздарын қанағаттандырғаны үшін бірінші және апелляциялық сот инстанцияларының судьяларына 8 млн теңге мөлшерінде пара беру бойынша алаяқтық және арандатушылық жасады.

«Оливия» ЖШС-нің заңгері Е.В. Кантер-Скрипкина пара беруге әрекет жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Қарағандыда облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ержан Ғабдуллинге алаяқтық жасады және 8 миллион теңге пара беруге итермеледі деген айып тағылғаны хабарланған.