Жол апаты салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Қарағанды – Теміртау тасжолында үш көліктің соқтығысуы салдарынан 300-ге жуық көлік кептелісте тұрып, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Облыстық полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды – Теміртау тасжолында үш көлік соғылған жол апаты болғанын хабарлады.
«Апат салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді. Көліктерге зақым келді. Қазір Қарағанды - Астана тасжолы жабылды. Бұл аумақта 300-ден астам көлік жиналып қалды. Айналаның көрінуі жақсарып, жол бағыты тазартылғаннан кейін жол ашылады», - деп хабарлады ведомстводан.
Полиция облыс тұрғындарынан ауа райы болжамын қадағалауды және қолайсыз ауа райы жағдайында елдімекендерден тыс жерге шықпауды сұрайды.