Ата-анасынан қорыққандықтан екі күн бойы айтпай жүрген.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысына қарасты Қаражал елді мекенінде 10 жастағы бала ине жұтып қойып, екі күн бойы ата-анасына айтудан қорқып жүрген, деп жазады Аzattyq Rýhy.
Екі күн өткен соң іші ауырып жүргенін, ине жұтып қойғанын ата-анасына айтқан. Олар естіген бойда дереу жергілікті ауруханаға апарды. Өз кезегінде хирургтар тексерген соң уақыт оздырмай, жедел-жәрдем арқылы Жезқазған қаласындағы ауруханаға жеткізді.
«10 жасар бала іші ауырып жүргенін айтты. Рентгенография арқылы түсіргенімізде асқазан-ішек жолында бөтен заттың бар екені анықталды. Эзофагофиброгастродуоденоскопия (ЭФГДС) арқылы көргенімізде заттың асқазанның антральды бөлімінде екені белгілі болды. Дәрігерлер эндоскопиямен инені шығарып алды. Қазір баланың өміріне ешнәрсе қауіп төндірмейді», - делінген Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.