Қарағандыда 85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

0
425

Сәуірдің аяғында полиция қызметкерлері 50 жастағы ер адамның денесін марқұмның пәтерінен тапқан.


Қарағандыда 85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Қарағандыда 85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, деп жазады tengrinews.kz.

Сәуірдің аяғында полиция қызметкерлері 50 жастағы ер адамның денесін марқұмның пәтерінен тапқан. Марқұмның анасы ер адамның жанында болған.

"50 жастағы ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылды. Ер адам жанында оның 85 жастағы анасы болды. Анасы мен баласы облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жарияланбайды", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Қылмыстық істің тергеуі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері қылмыстың себебін анықтап жатыр.