Ит иесіне айыппұл салынды.
ERNUR.KZ. Қарағандыда балалар ойын алаңының жанында ит бес жасар қызды қауып алды. Үй жануарын иесі ағашқа байлап қойған. Бүлдіршін итті сипау үшін қасына барыпты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ит өзіне жақындаған балаға шабуыл жасап, бетінен тістеп алған. Баланы анасымен бірге ит иесінің өзі ауруханаға алып барды.
«Дәрігерлер шамамен 8 тігіс жасады. Сіреспеге, құтыруға қарсы вакцинация жасалмайды, өйткені баланың денесінде препараттарға реакция болды. Бүлдіршіннің бетінде тыртық қалатын болды. Иттің иесі баланың өзі жануарға жақындағанын және ата-анасының немесе қамқоршысының қарауынсыз жүргенін айтып, жауапкершіліктен бас тартты», - деді отбасының досы Виктория.
Бүлдіршіннің анасы баланы ата-анасы ойын алаңында қарап жүруге міндетті емес екенін және итте тұмсығын жауып тұратын тұмылдырығы болмағанын айтты.
Осы үшін ит иесіне айыппұл салынды.