Оқиға бүгін, яғни 30 мамырда болған.
ERNUR.KZ. Қарағандыда екі автобус соқтығысып, соның салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін, яғни 30 мамырда болған.
«Дүйсембеков көшесінен Бұқар жырау даңғылына қарай бағыт алып бара жатқан Yutong автобусының 54 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігі ережесін және жылдамдықты сақтамай, жаяу жүргіншіні өткізіп тұрған 51 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mercedes қоғамдық көлігінің артынан соққан. Соның салдарынан Mercedes қоғамдық көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен»- делінген хабарламада.
Жол-көлік апаты салдарынан жаяу жүргінші, Yutong автобусының екі жолаушысы және Mercedes автокөлігінің бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.