41 және146 автобустар соқтығысты.
ERNUR.KZ. Қарағандыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz.
"Сағат 9.15-те ДСК көпірінде апат болды. 41 және146 автобустар соқтығысты. №41 автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал №146 автобус жүргізушісі мен 15 жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.