Қарағандыда екі ер адам төбелесіп, бірі ауыр жарақат алды

0
332

Ер адамдар арасындағы жанжал 27 қыркүйекке қараған түні болған.


Қарағандыда екі ер адам төбелесіп, бірі ауыр жарақат алды

ERNUR.KZ. Қарағандыда түнгі клубқа келген екі адам арасында төбелес болды. Олардың бірі жарақат алды, деп жазады tengrinews.kz.

Ер адамдар арасындағы жанжал 27 қыркүйекке қараған түні болған. Төбелес туралы Жедел басқару орталығына түнгі 01:00-ге таман хабарланды. Оқиға куәгерлері қаладағы түнгі клубтардың бірінде төбелес болғанын хабарлаған. Полиция дереу оқиға орнына жетіп, жанжалға қатысушыларды анықтады. Олар 23 және 27 жастағы қала тұрғындары болып шықты.



"Ер адамдар арасында кикілжің болғаны анықталды. Жанжал кезінде 23 жастағы тұрғын қарсыласын пышақпен жарақаттаған. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 107-бабы 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша соталды тергеу басталды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.