Қарағандыда енді айына 103 мың теңге алатын көп балалы отбасы қуанышымен бөлісті

0
2 008

Натальяның күйеуі мүгедек. Оның кірісі - тек зейнетақысы.


Қарағандыда енді айына 103 мың теңге алатын көп балалы отбасы қуанышымен бөлісті

ERNUR.KZ.Қарағанды облысындағы көп балалы отбасылардың әлеуметтік жәрдемақысы көбейіп үлкен қуаныш орнауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біз бірінші сәуірден бастап бұрынғыдай 12 мың теңге емес, 103 мың теңге аламыз", - деді Абай ауданында тұратын төрт баланың анасы Наталья Кулабекова.

Көп балалы ана ел президентіне деген алғысын айтты.

"Бұрын көп нәрседен бас тартатын едік. Балаларды үнемі қосымша сабақ пен спорт секцияларына жіберетін мүмкіндік бола бермейтін.

Менің үлкен қызым 15-те, кішкентайыма тоғыз ай болды", - дейді көп балалы ана.

Натальяның күйеуі мүгедек. Оның кірісі - тек зейнетақысы.

Натальяның айтуынша, күйеуі қайтадан жұмысқа денсаулығына байланысты шыға алмайды.

"Жәрдемақынынң көтерілуі - біздің отбасы үшін үлкен қолдау болып табылады. Бүгін біздің үйге әлеуметтік қызметтің мамандары келіп, көзімізше есепті 103 мың теңгеге көтеріп берді", - дейді Кулабекова.