Қарағандыда ер адам бала мен итті баспалдақтан итеріп жіберген (видео)

0
822

Ер адам итін алып шыққан баланы итерді.


Қарағандыда ер адам бала мен итті баспалдақтан итеріп жіберген (видео)

ERNUR.KZ. Желіде қарағандылық тұрғынның үйдің кіреберісінде ит пен баланы баспалдақтан итеріп жіберген бейнежазба пайда болды. Полиция қазір оқиғаны зерттеуде, деп хабарлайды stan.kz.

Ер адам итін алып шыққан баланы итерді. Ит пен бала баспалдақтан құлады.

Зардап шеккен жасөспірімнің анасы оқиғаның егжей-тегжейін айтты.

"Біздің де кінәміз бар екенін түсінемін. Иттің тұмсығында тұмылдырық болуы керек дейді. Мен келісемін, күшік үре бастағасын бала қорқып кетті. Бірақ бұл күшік, небәрі 4 айлық. Балам баспалдақтан ұшып кетті. Бұл адам тіпті төмен түсіп, баламда бәрі жақсы ма, жоқ па, деп ойлаған жоқ", – деді ол.

Әйел иттің тұмылдырығы болмағанына айыппұл түрінде жазалануға дайын екенін айтты. Ол ер адамның ұлының басынан ұрғанын, құлағандықтан, аяғы көгергенін айтты.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға 20 наурыз күні сағат 18.00 шамасында болған.

"Үйдің кіреберісінде белгісіз ер адам кәмелетке толмаған адамға және оның итіне дене жарақатын салды. Кінәлі адам анықталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Дене жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша шешім қабылданады", – деп түсіндірді тәртіп сақшылары.