Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.
ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға 28 маусым күні сағат 18.00 шамасында болған, деп жазады inbusiness.kz.
Қарағанды қаласының Федоров су қоймасына барар жолда 41 жастағы "Мерседес Бенс" автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғылған.
Алдын ала болжам бойынша ол рульге ие бола алмай қалған. Содан кейін автокөлік өртеніп кетті.
"Жүргізуші дене жарақатынан оқиға орынында қайтыс болды. Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.