Қарағандыда көпқабатты үйдің кіреберісінен табылған сәби жаңа отбасын тапты

0
700

Биыл наурызда Майқұдық көпқабатты үйінің кіреберістерінің бірінен үш айлық сәби табылған еді. Оны көрпеге мұқият орап, тастап кеткен.


Қарағандыда көпқабатты үйдің кіреберісінен табылған сәби жаңа отбасын тапты

ERNUR.KZ. Майқұдықтағы көпқабатты үйдің кіреберісінен табылған сәби жаңа отбасын тапты. Жақында оны асырап алды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Бірнеше ай бойы "Шапағат" балалар үйінде болған баланы асырап алған ата-анасы үйіне алып кеткен.

"Ол жақсы отбасының қолында. Асырап алған отбасы туралы деректер заңнамаға сәйкес жарияланбайды. Бастысы баланың ата-анасы бар", - деді Қарағанды қалалық білім бөлімінің қамқоршылық бөлімінде.

Сондай-ақ, ведомство асырап алушы отбасыларды іріктеумен айналыспайтынын атап өтті. Үміткерлер барлық қажет құжаттарды республикалық деректер базасы арқылы рәсімдеп, балаларды өздері таңдайды.

Еске салайық, биыл наурызда Майқұдық көпқабатты үйінің кіреберістерінің бірінен үш айлық сәби табылған еді. Оны көрпеге мұқият орап, тастап кеткен. Сәбиді жергілікті тұрғындар тапқан. Олар бірден полицейлерді шақырған. Тәртіп сақшылары бірнеше ай бойы анасын іздеген, бірақ іздеу сәтсіз аяқталды.