Қарағандыда медициналық мекемеден қашып кеткен сотталған ер адамға іздеу жарияланды

0
610

35 жастағы ер адам 18 шілдеге қараған түні қашып кеткен.


Қарағандыда медициналық мекемеден қашып кеткен сотталған ер адамға іздеу жарияланды
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында медициналық мекемеден қашып кеткен сотталған ер адам іздестіріліп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін түнде болған.

«Ммедициналық мекемеден қашып кеткен сотталған азаматтың мекенжайын анықтау және ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Батыс-Қазақстан облысының 35 жастағы тумасы ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған», - делінген хабарламада.

Азаматтың қашып кету дерегі бойынша Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамына бағыттама берілді.

Ер адамның белгілері: толық денелі, бойы 165 см, шашы қара. Үстінде ақ футболка, қара аяқ киім, қара шалбар және басында қара кепка болған.

«Қала тұрғындарынан сипатталған адамға ұқсас азаматты көргендер болса 102 телефонына хабарласуды сұраймыз. Полиция облыс тұрғындарынан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауларын сұрайды», - делінген ПД хабарламасында.